Алматыда қаржыгерлер форумы ашылды
Алматыда «Қазақстанның қаржы секторы: стратегиялық сын-қатерлерге 25 жыл» атты форум ашылды.
Шара отандық ірі қаржы ұйымдарының басын қосқан - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мерейтойына арналды. Қатысушылар Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығын талқылап, қаржы нарығындағы түйткілді мәселелерді ортаға салды.
Бір алаңға жиналған қаржы нарығының жетекші өкілдері Қазақстандағы банк секторын мемлекеттік реттеу шектен тыс екенін алға тартты. Бұл тақырып бірінші пленарлық отырыстың басты өзегіне айналды. Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қолданып отырған ережелер саланың дамуына кедергі келтіріп отыр.
Үміт Шаяхметова, Halyk Bank Басқарма төрағасы:
- Егер экономиканы ырықтандыру, несиелендіру, банктердің рөлі туралы мәселелерге келер болсақ, мен де президент жарлығын зерттедім. Менің ойымша, бұл өте жақсы бастама, бұл ырықтандыру тұрғысынан бәрімізге қажет.
Форумдағы тағы бір талқыланған маңызды тақырып - базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету мәселесі. Бұл экономиканы жаңғырту мен дамутың жалғыз жолы.
Елена Бахмутова, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы
– Форумда талқыланған мәселелер бойынша қаржы секторын дамытуға, реттеуді жетілдіруге ықпал ететін шешімдерді әзірлейміз. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға – экономика, қаржы министірліктеріне жеткізгіміз келетін кейбір аспектілерді қарастырамыз.
Қаржыгерлер форумы бұдан өзге корпоративтік несиелеу, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығындағы мәселелерді қаузады. Сондай-ақ Қазақстанның қаржы секторын цифрландыруды талқылады.
Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев