Іздеу
Республика күні Республика күні

Рыбакина US Open финалында

Бүгін түнде Елена Рыбакина US Open турнирінің финалында кортқа шығады. Қазақстандық теннисшінің қарсыласы – 98 апта бойы әлемнің үздік ракеткасы болып келген Арина Сабаленка.

СҚО-да 3,5 млн тонна астық жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында егінге орақ түсті. Бүгінде шаруалар 3,5 млн тонна өнімді қамбаға құйып үлгерді. Жалпы биыл 4 жарым млн гектар алқаптан дәнді-дақылдар жинау жоспарланған.

Д. Трамп әр америкалыққа $5 мың уәде етті

АҚШ президенті Дональд Трамп кәмелетке толған әр америкалыққа 5 мың доллардан төлейтінін мәлімдеді. Мұндай қаржыландыру алдағы Конгресс сайлауында Республикалық партия жеңіске жетсе ғана жүзеге асады.

Bloomberg миллиардерлер тізімін ұсынды

Bloomberg әлемдегі ең бай 10 адамның тізімін жариялады. Миллиардерлер көшін кіл америкалықтар бастап тұр. Кейінгі жылы француз кәсіпкері Бернар Арно дәулеті бойынша ондыққа кірмей қалды.