Агросектор. Табиғи таза балды қалай таңдаймыз?

Бал – табиғат сыйлаған ерекше өнімдердің бірі екені даусыз. Оның шипалы қасиеттері туралы ежелден белгілі. Күні бүгінге дейін бал түрлі аурулардың алдын алу мен емдеу үшін қолданылатын ең жақсы өнім болып табылады. Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді бал жинау мен өткізуге бүкіл өмірін арнаған отбасымен таныстырады. Табиғи таза өнімді таңдаудан бастап, сақтауға дейінгі кеңестерге құлақ түріңіз.