363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британдық депутат Астана күніне орай ыстық лебізін жолдады

  • Read 147 times
  • Media
Британдық депутат Астана күніне орай ыстық лебізін жолдады

Британдық саясаткерлер қазақстандықтарды елорданың мерейтойымен құттықтады.

Британ Парламенті қауымдар палатасының депутаты, Консер-вативтік партия мүшесі Боб Стюарт Астанаға барған кезінде қаланың архитектуралық келбеті мен тұрғындардың қонақ-жайлығына тәнті болғанын айтады. Боб Стюарт 2010 жылдан бері Қауымдар палатасы.. Қорғаныс жөніндегі комитеттің мүшесі. Оның пайымынша, Қазақстан ХХІ ғасырдың ең мықты мемлекеттерінің біріне айналып келеді. Ұлы дала Орталық Азиядағы көшбасшы және оның беделі арта береді, деді саясаткер.

Боб Стюарт, Британия парламенті Қауымдар палатасының депутаты:

- Менің Астана жайлы не ойлайтынымды білесіздер ме? Мен 20 жыл ішінде бой көтерген қалаға ерекше таңырқай қараймын. Сіздер, қазақстандықтар, мұны жасай алдыңыздар! Елордада миллионнан астам адам тұрады. Жоқ жерден осындай керемет қала пайда болды. Британдық The Daily Telegraph газетіне сүйенсек, Астана ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып келеді. Мен Елорданы 20 жылдығымен құттықтаймын. Ол қалада мен 2 рет болдым және әр барған сайын өзімді үйдегідей сезіндім.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы