369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өнер ұжымдары Астанаға ерекше тарту жасады

  • Read 186 times
Өнер ұжымдары Астанаға ерекше тарту жасады

Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған тарту толастар емес.

Бүгін астаналық өнерсүйер қауымды қос бірдей өнер ордасы қуантты. «Астана Балет» театрында «Ұлы дала мұрасы» мерекелік концерті өтті. Келушілердің назарына би көріністері мен «Әлем» спектаклі ұсынылды. Ал «Астана Опера» театрында әйгілі «Корсар» спектаклі қойылды. Айта кетейік, балет труппасына Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова жетекшілік етті. Ал бас кейіпкердің партиясын алғаш рет жас әртіс Жансерік Ахметов орындады.

Жансерік Ахметов, «Астана Опера» мемлекетттік опера және балет театрының әртісі:

- Қиын болды. Өйткені бірінші жылы жұмыс істеп жатырмын. Бірінші рет шығып тұрмын осындай партиямен. Исак Ланкедеммен. Өте қиын болды. Техника жағынан емес, актерлік шеберлік жағынан қиын болды маған.

back to top
Хабар 24 телеарнасы