352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-ға жұмыс сапарымен барған Б.Сағынтаев бірқатар нысанды аралады

  • 459

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылумен танысты.

Алдымен Сарыағаш ауданында болған Бақытжан Сағынтаев өндірісі жаңа технологияларға негізделген бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, өңірдегі ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Елбасы ауылшаруашылығы өнімінің экспортын ек кемі екі жарым есеге арттыруды тапсырды. Бұл үшін Үкімет тарапынан қажетті іс-шаралардың бәрі қабылдануда. «Енді субсидиялау тиімділігі қайта қаралып, алдымен экспортқа шығатын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды күшейтеміз», – деді Бақытжан Сағынтаев. Кездесуде сонымен қатар Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасы аясында ауылда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Премьер-министр облыс орталығындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағын ауданын аралады. Мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасымен жалпы саны 324 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Ал Елбасының «7 – 20 – 25» бағдарламасы алда тұрғын үйге деген сұраныстың артуына өз ықпалын тигізетіні анық.

Облыстық клиникалық аурухананың жаңа жүйесімен танысқан Премьер-министр өңірдің медицина мамандарымен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және саланы қайта реттеу шаралары туралы кездесу өткізді. Бақытжан Сағынтаев облыстағы педагогикалық университеттің «Студенттер үйіне» де аялдап, жатақхананың жай-күйімен танысты. Оңтүстік жастарымен кездесіп, «Елбасының бес әлеуметтік бастамасын» іске асу барысын талқылады. Онда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, жаңа экономикаға қажетті сұранысқа ие мамандар даярлау, студенттердің жатақханада тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сапар аясында Үкімет басшысы өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен облыстың жұмыс активімен де жүздесті. Жиында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев өңірдегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда болып, индустрияландыру бағдарламасын іске асырылу барысын көрді.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы