356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Лассина Зербомен кездесу өткізді

  • 180

Елбасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жүздесу Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтіп жатқанына мән берді.

Бұл ретте күнтізбеде осындай күннің белгіленуі Қазақстанның бастамасы екенін атап өтті. «Еліміз жойқын қарудан бас тарту арқылы ядролық қаруға қарсы қозғалыста көшбасшы мемлекет атанды», – деді Президент. Ал Лассина Зербо өзі басқаратын ұйым әрмен қарай да ядролық сынақтарға қарсы тұрып, әлемде бейбітшіліктің сақталуына бар күш-жігерін салатындығын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті: 

– Все началось с того, что 29 августа 1991 года был закрыт крупнейший в мире ядерный полигон. После этого прекратились испытания в Неваде и на других полигонах. Мы отказались от арсенала ядерного оружия, что позволило нам войти в число лидеров антиядерного движения.

Лассина Зербо, ЯСЖБТСТШҰ дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы:

– Құрметті Президент мырза, дәл бүгін сізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысым шексіз. Мен үшін осы ядролық қаруға қарсы маңызды бастамаға түрткі болған адаммен жүздесу – үлкен мәртебе.

Хабар 24 телеарнасы