USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

Қазақстандық курсанттар Түркияның әскери оқу орындарында білім алуы мүмкін

  • 308
<span class=favorites>Қазақстандық курсанттар Түркияның әскери оқу орындарында білім алуы мүмкін</span> Фото: mod.gov.kz

Анкара қаласында әскери ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы мәселелері жөнінде Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары арасында штабтық келіссөздер жүргізілді.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар әскери білім беруді, оның ішінде курсанттарды Түркияның әскери оқу орындарында оқыту және жауынгерлік даярлықты ары қарай дамыту мәселелерін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2018 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Сапар шеңберінде Түркия Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесу ұйымдастырылды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде