369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 301 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

  • 230

Шаһар әкімі Әсет Исекешев белгіні салтанатты шара барысында табыстады.

Қала басшысы республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарын да ерекше атап өтті. Мектеп оқушылары барлығы 280 медаль алған. Олардың 121-і алтын медаль. Түлектер болса, елордаға өз сыйлығын әзірлеген. Жасөсіпірмдер қала орталығындағы саябақта ағаштар отырғызды. Бүгінгі кеште 100 жұп вальс биін биледі. Айта кетейік, биыл Астанада 6 мың бала мектеп бітірді. Олардың 90 пайызы Ұлттық бірыңғай тестті тапсыруға дайындалуда. 

Марғұлан Жұмағұлов, мектеп түлегі:

- 11 жыл бойы білім алған ұстаздарыма алғыс айтамын. Ата-анама алғыс айтамын. Болашақта осындай көптеген жетістіктерге жетіп, Қазақстанның беделін әлемдік деңгейге көтеремін деген сенімдемін. Болашақта мен Қазақстанда білім алсам деген ойым бар. ЕҰУ түсуге жоспарым бар.

Хабар 24 телеарнасы