369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланады

  • 492
Биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланады Sputnik Казахстан

ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады.

«Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтайды. Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10:00-де жарияланатын болады», – делінген ҚР БҒМ-ның Facebook-тегі парақшасында.

Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: Яндекс Диск, egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттарында немесе @testcenterBot телеграм боты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы