359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы инвестфорумда инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

  • 115

Төртінші технологиялық төңкеріс уақытындағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі Астана инвестициялық форумы аясында талқыға түсті.

Отырыста Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысушыларды ел экономикасын цифрландыруға бағытталған бағдарламамен таныстырды. Сонымен қатар, біздің елге инвестиция салуға мүдделі кәсіпкерлерге жасалатын мүмкіндіктерді де атап өтті. Жұмағалиевтың айтуынша, Үкімет барлық саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру арқылы ашықтықты қамтамасыз етуге мүдделі. Жиында қазақстандық іскер азаматтар сөз алып, өндірісті цифрландыруға қатысты жобаларын шетелдік әріптестеріне таныстырды.

Хабар 24 телеарнасы