352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің қазынасында қанша қаржы бар?

  • 185
Еліміздің қазынасында қанша қаржы бар?

Ағымдағы жартыжылдықта ел қазынасы 5,3 трлн теңгені құрады.

Оның 70 пайызы салық есебінен түскен. 1,4 трлн теңге трансферттердің үлесі. Ал салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталдың сатылымынан 150 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Мамандар мемлекеттік қазынаның кірісі жылдам артып келе жатқанын айтты. Кірістің негізгі көзі ретінде тауардан, жұмыс пен қызмет көрсету саласын атауға болады. Халықаралық сауда мен сыртқы операциядан түскен салық 619 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 млрд теңгеге артық. Жеке табыс салығы 6,5 пайызға артып, 1,2 трлн теңгені құраған.

Хабар 24 телеарнасы