USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


EXPO павильондары қайта жасақталады

  • 109
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
EXPO павильондары қайта жасақталады

ЭКСПО павильондарын қайта жасақтау жұмыстары 15 желтоқсан күні аяқталады. Халықаралық көрмеге қатысқан мемлекеттер павильондарды бастапқы кейпінде тапсыру үшін экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдарын қайта жасақтайды.

Тазалық, жөндеу жұмыстарын Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті бақылайды. Ал көрменің басты нысаны саналатын «Нұр Әлем» сферасы болашақ музейі ретінде қызметін жалғастыра береді. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан мамандандырылған көрме 10 қыркүйекте жұмысын аяқтады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top