USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Франция Сирияға соққы беретінін ескертті

  • 237
Франция Сирияға соққы беретінін ескертті

Сирияда химиялық қару қолданылғаны дәлелденсе, оны дайындап шығарған нысандарға Франция соққы жасамақ.

Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір француз билігінің қолында бейбіт тұрғындарға қарсы тыйым салынған қарудың қолданғаны туралы бұлтартпас айғақтар жоқ. Бірақ ресми Париж үкімет әскері химиялық қару қолданды деп күдіктенеді. Сондықтан бұл елдің арнайы қызметтері мен әскерилері Сириядағы жағдайды жіті бақылап отыр.

Еске сала кетейік, қаңтар-ақпан айында «Сириядағы адам құқықтарын қорғау орталығы» Шығыс Гута мен Идлиб провинциясында химиялық қару қолданғаны туралы хабарлады. Құқық қорғаушылардың ойынша, оны үкімет әскері жүзеге асырған. Осыдан кейін АҚШ билігі шабуылды тергеу үшін 350 мың доллар бөлетінін жеткізді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде