USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Нидерландта концертке жиналғандарға шабуыл жасалды

  • 127
Нидерландта концертке жиналғандарға шабуыл жасалды

Нидерландта жыл сайын өтетін музыкалық «Пинк Поп» фестиваліне жиналған халықты автобус жүргізушісі жаншып кетті.

Салдарынан 1 адам қайтыс болып, тағы үшеуі түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл жайында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары құқық қорғау органына сілтеме жасап хабарлады. Деректерге сәйкес, оқиға елдің оңтүстігіндегі Лимбург провинциясында болған. Фестивальдің басты қонағы америкалық әнші Бруно Марстың әнінен кейін сахна жақтан бір автобус қатты жылдамдықпен келіп жұртты жаншыған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып үлгерген. Бұл жайтқа байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге шабуылдың қандай мақсатпен жасалғаны белгісіз. Алайда «теракт деп атауға әзірге ерте», – дейді мамандар. Тәртіп сақшылары демалуға келгендерді әбден әбігерге салған көлік жүргізушісін іздестіруде.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде