ХВҚ: Сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

ХВҚ: Сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері

  • 96
ХВҚ: Сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері

АҚШ пен Қытай және Еуропа арасындағы экономикалық шектеулер дүние жүзінің жалпы ішкі өнім көрсеткішін айтарлықтай төмендетеді.

Бұл туралы Халықаралық валюта қоры басшысы Кристин Лагард «Үлкен жиырмалық» елдерінің кездесуіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қоры басшысы:

- Бұл халықаралық ішкі өнім көрсеткішіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Қазір жасалып жатқан өзгерістерді есептемегеннің өзінде әлемдік жалпы ішкі өнім 1,5 пайызға төмендейді. Алдағы «Үлкен жиырмалықтың» кезекті жиынында сауда шектеулігін күшейту тақырыбы талқыланатын болады.

«Үлкен жиырмалық» кездесуі Буэнос-Айрос қаласында өтуде. Оған 23 елдің қаржы министрі мен орынбасарлары және 14 Орталық банк басшысы келді. Жиында жаһандық экономика мәселесі талқылануда.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде