369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр бойының халқы Ұлттық домбыра күнін ерекше атап өтті

  • 162

Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Сыр өңірінің өнерсүйер жұрты да Ұлттық домбыра күнін айрықша атап өтті.

Жаңа мереке жадымызда жатталып қасиет болып қаттала беру үшін 200 өрен бір мезетте күй күмбірлетті. Қазақ мұңайса мұңайып, қуанса шаттанып ұлттың жеңісінде рух көтеріп, делебе қоздырып қан ойнатқан алтын тиекті тәлім құралын ұлықтау шарасынан Ұлттық домбыра күніне қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылды?

Қамбар, жыр елінің домбыра үйренуге деген ынтасы қандай? Өңірде қанша үйірме жұмыс жасайды?

Қамбар Бекенов, тілші:

- Бағзыдан тұмар, дәуірге құнар, ұлт тегіне тиек, шанағы шынар – домбыра күнінде жаңа туған сәбилерге төл аспап сыйға тартылды.

Ана мен бала орталығында тағылымды акция өткізген Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері жарық дүниеге келген нәрестенің алғашқы сыйлығы домбыра болғаны абзал дейді. Өйткені өмірдің мәні, қазақтың әні, рухқа ұран, ұлттың жаны болған домбыраның ұрпақ тәрбиелеуде маңызы ерек. Киелі аспаптың шығу тарихы жөнінде облыстық кітапханада ұсынылған кітап көрмесінде мол мәлімет берілді. Этнограф-ғалымдардың айтуынша, домбыра 4 мың жыл бұрынғы әдебиеттерде кездеседі екен. Көмейіне қорғасын құйса да үні өшпеген домбыра көшпелі жұрт қилы тағдырының куәгері іспеттес.  

- Жыр елінің домбыра үйренуге деген ынтасы қандай? Өңірде қанша үйірме жұмыс жасайды? 

Қамбар Бекенов, тілші:

- Алаштың алтын домбырасының өнер мен өмір пернесін дәл басып, қос ішекті шертуді үйрету үшін өңірде 100-ге жуық үйірме ашылған. Оған мыңнан астам өрендер қатысады. Осы ретте өнер тәлімгерлерінің сұхбатына зер салсақ.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Домбыраны ұлықтау шаралары жастар көп жиналатын ойын-сауық орталықтарында да өткізіліп жатыр. Кешке «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастыруымен күйші, термеші, жыршылардың бастаңғысы өтеді.

Хабар 24 телеарнасы