USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



«Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының қорытындысы жарияланды

  • 132
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының қорытындысы жарияланды

Тәуелсіздік күніне орай журналистер арасында жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының қорытындысы шығарылды. Игі шара Назарбаев моделін, Елбасы саясаты мен бастамаларын насихаттауды көздейді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен қоры бұл байқауды екінші мәрте өткізіп отыр. Оған еліміз бойынша БАҚ өкілдерінен 450 жұмыс келіп түскен. Комиссия телерадио, газет-журнал және электрондық баспа материалдарынан үздіктерін таңдап алды. Қатысушылар саны былтырғыға қарағанда едәуір артқан. Әсіресе Астана мен Алматы қалалары өкілдерінің белсенділігі жоғары. Топ жарған 14 жеңімпаз арнайы диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.  Бас жүлде – бір миллион теңге.  Байқаудың жалпы қоры жеті миллион теңгеге жуық. Үздіктер қатарында «Хабар» Агенттігінің тілшісі де бар. 

Айгүл Әділова, «Хабар» Агенттігінің тілшісі:

- Біздің еңбегімізді ескеріп, жоғары бағалағанына өте ризамын. Мұндай марапаттау журналистердің жұмысқа деген ынта-ықыласын арттыра түседі. Бұдан былай да Елбасының сарабдал саясатын және елімізде атқарылып жатқан игі істерді өз материалдарымызға арқау ететін боламыз. Жақсы істер мен жаңашыл қадамның жаршысы болу қаламгерлер қауымы үшін зор мәртебе! 

Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары: 

- Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, биылғы жылғы конкурста журналистеріміз экономика саласына, сауаттандыру саласына, сонымен қатар рухани жаңғыру мәселесіне және Қазақстандағы жасөспірім ұрпақты тәрбиелеу барысындағы тақырыптарға бағдарламалық, стратегиялық көзқарастан ғана емес, азаматтық көзқарасы арқылы арқылы көресеткенін ерекше атап өтуге болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top