ШҚО-да мектеп түлектері «Туған жер» бағдарламасына үлес қосып жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

ШҚО-да мектеп түлектері «Туған жер» бағдарламасына үлес қосып жатыр

  • 650
ШҚО-да мектеп түлектері «Туған жер» бағдарламасына үлес қосып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында «Туған жер» бағдарламасы қарқын алып келеді.

Соңғы үш жылда осы өңірден шыққан белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер жалпы құны 360 миллион теңге болатын 268 жобаны жүзеге асырған. Жарты ғасырлық тарихы бар №5 орта мектептің түлектері де өздері сауат ашқан білім ошағына қомақты қаражат салып, демеушілік танытыпты. Олардың бірі сынып бөлмелерін құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе, басқалары күрделі жөндеуге көмектескен. Биыл да аудан көлемінде 70-тен астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Айнұр Қанапиянова, Аягөз қаласындағы жалпы білім беретін №5 орта мектептің директоры:

- Түлектердің бірі Қожаев Қанат Қайратұлы мектеп оқушыларының қыз балаларға арналған еңбек кабинетін тарту етті. Бұл кабинеттің өзі миллион теңгеге жасалды. Бұл түлекке үлкен алғысымызды білдіреміз. Себебі қыз балаларымыз осы кісінің берген машинасымен іс тігуге, еңбекке үйреніп машықтанып қалды деп айта аламыз. Нашанов Жұмабек математика кабинетін ашып берді, 3-қабатта. Кабинетті толық жөндеуден өткізді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде