USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Жамбыл облысында пойыз апаты болған теміржол аумағы қалыпқа келтірілді

  • 101
Жамбыл облысында пойыз апаты болған теміржол аумағы қалыпқа келтірілді

Жамбыл облысында теміржол апаты болған жол аумағы қайта қалыпқа келтірілді.

Қазір оқиға орнында технологиялық жұмыстар жүріп жатыр. Ал қайтыс болған баланың отбасы мен зардап шеккен адамдарға Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы мен Қарағанды облысы әкімдігі бірлесіп қосымша жәрдем көрсететін болды. Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы кезінде тапсырма берді. Оқиғаға қатысты қандай ақпар айтылды? Қандай жұмыстар жүріп жатыр?

Руслан Бақытбекұлы, тілші

- Жаңа ғана «ҚТЖ ҰК» АҚ Басқарма төрағасы апаттың зардабын жою, ондағы зерттеу, тергеу, қалыпқа келтіру жұмыстары жайында Премьер-министрге толық баяндады.

Бүгінгі күнге теміржолдағы төсеніштер төселіп, рельстер ауыстырылған. Қазір мамандар диагностикалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жол 8 сағат көлемінде қалыпқа келтірілген. Бірақ жолдың апат болған бөлігінде барлық бағыттағы пойыздар әлі де бір жолмен жүруде. Себебі жаңадан қайта қалыпқа келтірілген жолмен жолаушылар пойызын жүргізу қауіпті. Қазір арнайы техникамен жөнделген жолдың сапасы, өткізу мүмкіндігі, төзімділігі тексеріліп жатыр. Жолмен жүру қауіпсіз екендігіне толық көз жеткеннен кейін барып жүруге рұқсат беріледі. Ал жолдан шыққан вагондардың біразы алынды. Бірнешеуі әлі де төңкерілген күйі жатыр. Мамандар «Ол қозғалысқа кедергі келтірмейді» деп отыр. Қалыпқа келтіру жұмыстарына 9 техника, 300 жұмысшы жұмылдырылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, үздік мамандар оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр. Темір жол учаскелеріндегі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатаң бақылауға алынды. Бірақ оқиғаның нақты неден болғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Мамандар жан-жақсы жіті зерттеп, зерделеуде.

Естеріңізіге сала кетейік, апат кезінде 1 бала қайтыс болған еді. Оның туған-туыстарына 2,5 миллион теңгеге жуық өтемақыдан бөлек сақтандыру заңына сәйкес 1000 айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төленетін болды. 

Сонымен қатар жиын соңында Үкімет басшысы қайтыс болған баланың отбасына Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы мен Қарағанды облысы әкімдігі бірлесіп жәрдем беру туралы тапсырма берді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде