361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Үздік мемлекеттік қызметші» байқауында атыраулықтар жүлделі орындарды иеленді

  • 382

Биыл еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесіне 20 жыл толады.

Осыған орай «Үздік мемлекеттік қызметшілер» республикалық байқауы өткен болатын. Оған мұнайлы өлке Атырау облысынан 3 маман қатысып, жүлделі орындардан көрінді.  

Мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік. Халық мүддесі үшін еңбектенуді мақсат тұтқан жас маман Ермек  Шмалиевтің басты ұстанымы жауапкершілік, ұқыптылық және ізденіммпаздық. Еңбек жолын қарапайым қызметшіден бастаған ол қазір облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас маман-аудиторы. Ол биыл  «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауында топ жарды.

Ермек Шмалиев, облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас маманы:  

- Елбасымыз мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге ,мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға  үлкен мән беріп отыр. Осы бағытта біз де  мемлекеттік қызметте  де, қоғамдық орындарда да  өзімізді жан жақты дамытуға, бәсекеге қабілетті болуға  тырысып жатырмыз. 

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшіге  қойылатын талап өте жоғары. Сондықтан әрбір маман берген антына сай адал қызмет етуге тырысады. 

Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР МҚІСЖІҚА облыстық департаментінің басшысы:

- Мемлекеттік қызмет саласында жүріп жатқан акциялар бұл «Адал жол», «Саналы ұрпақ», «Есіктен есікке», «Қоғамдық бақылау картасы» жобаларын іске асырудамыз. Соның барлығы жалпы мемлекеттік қызметті жетілдіреді деген ойдамыз. Бүгінгі таңда Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері өз міндеттерін жоғары деңгейде орындауда деп айтуға болады.

Бүгінде Атырау облысында 352 мемлекеттік орган  жұмыс істейді. Ондағы  3 мың бес жүзге ге жуық маман халық игілігі үшін  қызмет  етіп жатыр. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Бекзат Абдулов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы