352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында құздан құлаған 9 жасар бала есін жиды

  • 137

Дәрігерлердің айтуыша, жеткіншектің жағдайы жақсарды.

Қазіргі уақытта көзін ашып, дәрігерлермен ым-ишара арқылы ғана сөйлеседі. 

Еске сала кетейік, оқыс жағдай Баянауыл ауданындағы «Жасыбай» демалыс орнында болды. Тауға серуендеп шыққанда жеткіншек үш метрлік биіктіктен төмен қарай құлап, басын жарып алған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жасөспірімді санавиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бүгінде зардап шеккен бала мамандардың жіті бақылауында. Бұған дейін жасөспірімге ашық бас-ми жарақаты деген диагноз қойылды. Әзірге нақты болжам жасауға ерте.

Эльмира Темірғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Таудан құлаған бала есін жиды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақталды. Дәрігерлер консервативті ем-дом шараларын жүргізіп жатыр. Ата-аналары хабардар. Жеткіншекке жедел емдеу қажет емес.

Хабар 24 телеарнасы