356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында алдағы 4 жылда жатақхана мәселесі түбегейлі шешілмек

  • 182
Атырау облысында алдағы 4 жылда жатақхана мәселесі түбегейлі шешілмек

Атырау облысында алдағы екі жылда 10 жатақхана бой көтереді.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында қарқын алған құрылыстардың алғашқы легі жаңа оқу жылында пайдалануға берлімек. Биылғы оқу жылында мұнайлы өңірде әрқайсысы 100 орындық екі жатақхана студенттерге есігін айқара ашпақ. Елбасы үндеуінде атап көрсетілген әлеуметтік бастамалар бұл ел игілігіне әсіресе, студент жастарға шынайы қамқорлық.

Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжі – мұнайлы өңірдегі өнерлі жастардың басын қосқан бірегей оқу орны. Мұнда бой көтерген 100 орындық жатақхана тек студенттердің ғана емес, оқытушылардың да қажетін толық өтей алады. Екі кісілік әсем бөлмелер, оңды жиһаздармен қоса әр қабатта 25 орындық асхана, кір жуатын және оны кептіретін орын арнайы техникамен бірге қарастырылған. Жатақхана толықтай интернет жүйесіне қосылған.

Перизат Құрмашева, Д. Нұрпейісова атынадағы музыка колледжі директорының орынбасары:

– 100 орынға сұраныс берілген болатын. Елбасымыздың қолдауымен 100 орындық жатахана түгелдей дерлік қанағаттандырылып, салынды.

Жалпы Атырау облысында 3 жоғарғы оқу орны мен 25 кәсіптік бағдар беретін колледжі бар. Оларда 14 мыңнан астам студент білім алуда. Бұған дейін жатақхана мәселесі жастар үшін күрделі проблема боп келген еді. Биыл Елбасының қолдауымен 10 жатақханаың құрылысы жоспарланып отыр. Оның екеуі осы жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Мәлік Аманов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Берліген жатақханалардан басқа тағы 8 жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтап жатырмыз.

Бүгінгі күні облыс бойынша 1450 студенттен жатақханаға сұраныс түскен. Олардың дені Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен еді. Мұндағы мұқтаждықты жергілікті билік «Казтрансойл» компаниясымен бірлесе отырып шешті. Компанияның жұмысшыларға арнап салған жатағы мемлекет қарамағына өтіп, ол жерден 700 студентке орын жай табылды. Қазір аталған ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Осылайша Атырау облысы алдағы 4 жылда жатақхана мәселесін түбегейлі шешпек.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин.

Хабар 24 телеарнасы