356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында биыл ет өндірісі артады

  • 150
Ақмола облысында биыл ет өндірісі артады

Жылына шамамен 60 мың тоннадан астам сиыр етін саудалайтын аймақ осы жылы тағы 3 мың тоннаға артық өндірмекші.

«Бұл асылтұқымды мал басының көбеюімен байланысты», – дейді мамандар. Мәселен, қазір өңірде 200 мыңға жуық ірі қара бар болса, солардың 27 пайызы асылтұқымды сиырлар. Ал жоспар бойынша 2027 жылға қарай жалпы ірі қараның 40 пайызы асылдандырылмақ. Себебі, өңірде өндірілетін еттің негізгі бөлігін осы өнімділігі жоғары ірі қаралар беріп отыр. Етті мал шаруашылығын дамыту үшін облысқа үкіметтен 4 млрд теңге қаражат та бөлініпті. Ол арқылы шаруалар 4 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алып, 15 жыл мерзімге асылтұқымды ірі қара сатып ала алады. Ал бұл 10 жылдың ішінде 3 мыңға жуық фермерлік шаруашылық ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазір ақмолалық шаруалар ішкі сұраныстан бөлек шет елдерге де ет саудалап отыр.

Азамат Сағынбаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Еттің көбісі Ресей Федерациясы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортталады. Енді Қытайға да жөнелтсек деп жоспарлап отырмыз. Біз жыл сайын 180 тонна етті шекара асырамыз. Ал елімізде ақмолалық еттің негізгі тұтынушысы – Астана қаласы.

Хабар 24 телеарнасы