359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық хирургтер қалқанша безі ісігін тілік жасамастан алды

  • 115
Отандық хирургтер қалқанша безі ісігін тілік жасамастан алды

Алматыда «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы» АҚ базасында бірегей операция жасалды.

Дәрігерлер тұңғыш рет қалқанша безінің ісігін тіліксіз, ауыз арқылы алып тастады.

Шеберлік сағатын профессор Мартин Штрик (Берлин, Германия) пен медицина ғылымдарының кандидаты Антон Павлович Пришвин (Санкт-Петербург) өткізді.

«Айта кету керек, бұл әдістің ерекшелігі - тіліксіз жасалғандығында. Яғни адамның операцияны ауырсынуы азайып, тез айығады. Жараны тігудің қажеті жоқ», - деді мамандар.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы