361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады

  • 229

Қарағанды қаласында жас отбасы «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиесі бағдарламасы аясында алғашқы баспанаға ие болды.

Бүгін қаладағы банктердің бірінде жаңа бағдарламаның құжаты қала тұрғынына салтанатты түрде табысталды.

Осинцевтер отбасы тиімді бағдарламамен баспаналы болды. Құжаттарын небары бес күн ішінде рәсімдеп үлгерген жас жанұяға бүгін пәтердің кілті табысталды. Пайыздық мөлшері жылына 7 пайыз, алғашқы жарна 20 пайызды құрады.

Владимир Осинцев, қала тұрғыны:

- Біз бұл уақытқа дейін пәтерге ақша жинадық, алайда мұндай мүмкіншілік жас отбасы үшін қиын. Мен үнемі Қазақстандағы ипотекалық несие бағдарламаларын іздеп жүрдім, бірақ олардың шарттары біз үшін ыңғайсыз еді. Ал «7-20-25» біз үшін қолжетімді болды. Жаңа бағдарламаға ризамыз.

Қазір қаладағы екінші деңгейдегі банктер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында азаматтардан өтініштер қабылданып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде осындай банктердің бірі алты өтінішті қанағаттандырған екен.

Роза Сыздықова, «Банк ЦентрКредит» АҚ Қарағанды филилалының директоры:

- Қойылатын талаптар оңай. Ең бастысы, қарыз алушының табысы дәлелденсе болғаны. Біз мемлекеттік бағдарлама туралы Қарағандыдағы банк бөлімшелері мен Балқаш, Теміртау қалаларында да кеңес береміз.

Айта кету керек, азаматтардың мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несиені 25 жылға алуы міндетті емес. Жеткілікті табыс мөлшерінде мерзімді қысқартуға болады, оған қоса бағдарламада айыппұл санкцияларсыз борыш сомасын мерзімінен бұрын өтеу де қарастырылған.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы