352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада мемлекеттік қызметкерлер жаңа әліпби бойынша сынама тапсырды

  • 183
Қызылордада мемлекеттік қызметкерлер жаңа әліпби бойынша сынама тапсырды

Қызылордада 500-дей мемлекеттік қызметкер мен әскерилер қазақтың жаңа әліпбиі бойынша сынама тапсырды.

Жазбаша және сауалнама түріндегі сынақ нәтижесімен анықталған мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ қазақтілді қауым арасында латын әліпбиіне қатысты туындаған мәселелер жинақталады. Тілдік байқауға қатысушылардың қазақ мәтінін құрайтын төл, кірме және шетел сөзін латынша таңбалауда басымдық берген жазба-үлгілері жан-жақты талқыланады. Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бастамасымен қолға алынған шара республиканың барлық өңірінде өткізіледі. «Мұндай байқаулар қалың бұқараның латын қарпіне көзін үйретіп, қол дағдысын қалыптастырады», – дейді ұйымдастырушылар.

Ербол Тілешов, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

– Орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер жасалады. 2019 жылы нөлдік сыныптар Қазақстанда жаңа әліпби оқу құралымен оқитын болады. 2020 жылы 1-сыныптар оқитын болады.

Хабар 24 телеарнасы