361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалдаушылар табысын жасырып келген

  • 121

Астанада қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылардың 90 пайыздан астамы электронды жол картасына ауысты.

Осының арқасында бұған дейін тасымалдаушы компания табысының 15 пайызы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жүргені анықталды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырған көшпелі отырыста мәлім болды. «Астана ЛРТ» компаниясы басшысының айтуынша, жағдай  жыл соңына дейін бақылауда болады. Соның нәтижесінде келер жылы жаңа тарифтер белгіленуі мүмкін. Ал биылдыққа жол ақысы қазіргі күйінде болады. Жиын барысында қала көшелеріндегі автобус жолақтары мен ақылы автотұрақтарды енгізу жайы да талқыланды.

Илья Мещеряков, Астана қалалық мәслихатының депутаты: 

- Біз жолақының бағасын есептеген кезде дизельді жанармайдың құны 155 теңге болатын. Қазір ол 185 теңгеден асып кетті. Осыған байланысты ЛРТ компаниясы әкімдіктен тасымалдау нарығын қосымша 4 миллиард теңгеге субсидиялау туралы өтініш берді. Енді оны арнайы комиссия саралап, тамыз айының соңында белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы