356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда қаланың тарихынан сыр шертетін көрме ашылды

  • 140
Қарағандыда қаланың тарихынан сыр шертетін көрме ашылды

Қарағандыда кеншілер мерекесі мен Конституция күні қарсаңында қаланың тарихынан сыр шертетін көрме ашылды.

Мұнда 40 суретшінің елуден астам туындысы қойылған. Экспозицияда Қарағандының негізгі тарихи кезеңдері көрініс тапқан. Бірегей туындылардың ішінде Аппақ Байжановтың алғашқы көмір тасты тауып алғаны бейнеленген «Жарқыраған тас» шығармасы бар. Сонымен қатар көрмеге қалада пайда болған алғашқы үйлерден бастап, қазіргі заманауи ескерткіштер де қойылған.

Александр Гехт, облыстық көркем өнер музейі директорының орынбасары:

- Индустриалды Қарағанды, сәулетті Қарағанды, ғылыми Қарағанды, мәдени Қарағанды, бұл көрмеде кеншілер қаласы жан жақты бейнеленген. Мұндағы әр туындыдан суретшілердің өз қаласына деген сүйіспеншілігін көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы