363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Қазақстан – Ұлы дала елі» көрмесі өтіп жатыр

  • 181

«Қазақстан – Ұлы дала елі». Елордадағы  «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде осындай тақырыппен көрме ұйымдастырылды.

Шарада астаналықтар мен қала қонақтары өткен дәуірге саяхат жасап, сол заманның тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды. Көпшілік назарына қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар этнографиялық нақыштағы концерттік бағдарлама ешкімді бей-жай қалдырмады. Шара ертең де жалғасады.

Ауыл көшіп келгендей  әсер қалдыратын ақшаңқан қазақ үйлер, дәмі тіл үйірген бауырсақ, жент, талқан, қымыз, көз жауын алатын қолөнер бұйымдары, бірнеше ғасырлық тарихы бар музей экспонаттары. «Қазақстан – Ұлы дала елі» көрмесінен осының барлығын табуға болады. Түркістан облыстық тарихи өлкетану музейі қызметкерлері де шараға арнайы келген. 

Зәуре Қолдасбекова, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

- Астана қонақтары мен шетелден келген қонақтар қазақ үйге қызығушылық білдіріп, әсіресе осыгың ішіндегі затттарға өте құнды кебеже, ағаш төсек, жағлан санлыққа, қазақ батырларының киімдеріне аса қызығушылық танытты.  

Айта кетейік, көрме Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Осы арқылы еліміздің мәдениет және спорт министрлігі Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуды көздейді.

Жалғас Балғожин, ҚР МСМ департамент басшысы:

- Бұл фестивальдың ең бірінші ерекшелігі бұл фестивальдың сценарийі, форматы өзгеше. Тек ғана жалпы аудиторияға емес, соның ішінде жастарға, 20-ға дейінгі миллиналь дейміз ғой кейде. Кешкі уақытта этондиджейлердің конкурсы өтеді.

Сондай-ақ көпшілік этнофәшн үлгісінде тігілген отандық дизайнерлердің жұмыстары мен  фольклорлық  топтардың шығармаларын қызыға тамашалады.

Хабар 24 телеарнасы