352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда «Қашаған – Қазақстанның болашағы үшін» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

  • 214

Биыл ғасыр жобасы, әлемдегі алып мұнай-газ кеніштерінің бірі - Солтүстік Каспий жобасына 25 жыл толады.

Осы айтулы мерейтой қарсаңында Атырауда «Қашаған – Қазақстанның болашағы үшін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Каспий теңізі жағалауында орналасқан Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдігі, кеніштерді игеруші консорциумға мүше компаниялардың өкілдері қатысты. Келер жылдан бастап Солтүстік Каспийде Қаламқас, Хазар, одан кейінгі кезеңде Ақтоты, Қайран кеніштерін игеру жоспарда тұр. Осыған байланысты болашақта екі облыс аумағында  біріккен жобалар жүзеге асырылмақ.

Күллі әлем көз тігіп отырған Каспий теңізі қайраңындағы «Қашаған» кеніші іске қосылғалы Қазақ елін дүние жүзіндегі мұнай өндіруші елдердің алдыңғы қатарына қосты. Қазіргі таңда бір ғана Қашағаннан айына 1 млн тонна мұнай өндіріледі.   

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Күніне 320 мың баррельге шықты. Бұл өте үлкен Қазақстан экономикасына қосылатын  үлес. Осы жылдың нәтижесі бойынша 12 млн тонна мұнай өндіреміз деп жоспарлап жатырмыз. 

Теңіздегі жобалар аумағына орналасқан екі мұнайлы өңірдің әлеуметтік дамуына кенішті игеруші консорциум 600 млн ақш доллары көлемінде қаржы салған. Бұған мектеп, балабақша, аурухана, мәдениет және спорт кешендері секілді жергілікті халыққа аса қажет әлеуметтік нысандар салынды.        

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Мұнай ашығын айтқанда мәңгілік емес қой. Ал біздің байлығымыз қазақтың жері, халқымыз. Халықтан асқан, жерден асқан байлық жоқ.  бірақ мына мұнайдың, шикізаттың ерекшелігін осы берген жерге салу, сол елді көтеру осы жерде қызмет жасайтын әрбір ұйымның да, үлкен ірі компаниялардың да тікелей міндеті екенін ешкім де, ешқашан ұмытуға хақысы жоқ қой деп ойлаймын.   

Сондай-ақ Атырау мен Маңғыстау облысының әкімдіктері болашақта барлық сала бойынша бірігіп жұмыс істеу бағытындағы екі жақты меморандумдарға қол қойды. Осы ұзақ мерзімді ынтымақтық келісімдер негізінде енді екі өңір жұмыла жұмыс істейтін болады.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы