352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды

  • 117
Маңғыстау облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды

Бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрған Маңғыстау облысында үш ауысымда оқу мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.

Биыл аймақта үш ауысымда білім беретін 8 мектептің саны 3-ке қысқарады. Жаңа оқу жылында 9 су жаңа білім ордасы пайдалануға берілмек. Оның үшеуі халық көп қоныстанған Жаңаөзен қаласында, екеуі Мұнайлы ауданында ашылады. Осылайша тар ғимаратта оқып келген 12 мыңнан астам оқушы заман талабына сай мектептерде білім алатын болады. Балалар сондай-ақ көрші ауылға қатынап оқу машақатынан да біржола құтылады.

Нұрлыбек Қойжанов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Мұнайлы мен Түпқараған ауданында мектептер қалады. Мұнайлыда екеу, Түпқарағанда бір мектеп. Біз оларды жою үшін тиісті сметалық құжаттарын жасақтадық, республикалық бюджеттің қарауына ұсындық. 2019 жылы қаржыландырылатын жобалардың тізіміне қосылды. Аманшылық болса, ол мектептердің мәселесін жою үшін 2019 жылы салып бастайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы