359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауы мүмкін

  • 154
Семей әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауы мүмкін

Қайта жаңғыртыудан өткен Семей әуежайы ұшып-қону жолағын іске қосты.

Бұрын екі жарым шақырым болған жолақ толығымен монолиттік бетоннан құйылып, ұзындығы 3 шақырымнан асты. Ені – 45 метр. Мұнан басқа барлық инженерлік инфрақұрылым, аэровокзал ғимараты түгелімен қайта жарақтанбақ. Мамандар бұл халықалықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай екенін айтады. 30 жылдан бері жөндеу көрмеген кешенді күрделі жөндеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мемлекет қазынасынан 10 миллиард 400 миллион теңге бөлініп, жұмыстар 2016 жылдың соңында басталған еді. Жыл соңына дейін қалған жобаны толық аяқтау көзделіп отыр.

Марат Жақсылықов, халықаралық әуежайдың жердегі қызмет жетекшісі:

- Қазір негізгі жұмыстар аяқталды. Абаттандыру, көгалдандыру және әуевокзалын күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ұшып-қону жолағы да ұшақтар қабылдауға дайын. Қыркүйектің 2-сінен бастап алғашқы әуе рейстерін қабылдап жатырмыз. Болашақта өз еліміз ғана емес, Түркия, Еуропа сияқты алыс-жақын шетелдерге де жаңа бағыттар ашылады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы