352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Назарбаева бастаған бір топ сенатор Семейдегі әскери бөлімдерді аралады

  • 95

Дариға Назарбаева бастаған бір топ сенатор Семейдегі әскери бөлімдерді аралап, «Семей Инжиниринг» кәсіпорнында болды.

Олар алдымен әуе базасына тоқталып, соңғы үлгідегі әскери техникалардың жұмысымен танысты. Мәселен шетелдік Eurocopter әмбебап тікұшақтары бірнеше жылдан бері өз елімізде құрастырылып келеді. Сынақ кезінде техника өзін тек оң сипаттармен көрсеткен. Мұнан кейін сенаторлар басқа да әскери бөлімдерді аралап, брондалған техникаларды жөндеумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты.

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әскери техникалардың жұмыс істеу қабілетін көрдік. Жеке құрамның да жаттығуы көңілден шықты. Қайта жарақтандыру жоспарына сәйкес қазір біздің сарбаздар біртіндеп соңғы үлгідегі озық қарулармен қамтылып жатыр. Ал танкілерді жөндеу уақытын қысқартуға байланысты кейбір сұрақтарды алдағы уақытта бірлесіп шешетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы