356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік ата-аналар балаларын жекеменшік мектепте оқытуға қарсы

  • 60

Ақтөбеде екі бірдей мектеп оқушыларының ата-аналары шу шығарды.

Себебі білім ұясында орын жоқ болғандықтан жергілікті мамандар оларды мемлекеттік тапсырыс аясында оқушылар қабылдауы тиіс жекеменшік мектептерге жіберіпті. Бірақ айқайға басқан ата-аналар онда барғысы жоқ. Неліктен?

«Батыс-2» ауданындағы №63 және №64 мектептер үш кезеңмен білім беруге мәжбүр. Оқушылар саны тиісті мөлшерден шамамен үш есе артық. Сондықтан бастауыш сыныптарды жеке мектептің қарамағына көшіру туралы ұсыныс жасалған. Бірақ ата-аналар балаларын өзге оқу ордасына жіберуге қарсы.

Жанар Байсейітова, қала тұрғыны:

Мен 64 мектептің жанында тұрамын. Қарама қарсы осы аулада тұрамын. Бірақ менің баламды бірінші сыныпқа қабылдаған жоқ. Өйткені бала саны толық деді. Енді бен бір баламды 63 мектепке бердім. Екі балам 64-те оқиды. Енді бізді «Сымбатқа» жіберіп отыр. «Сымбат» дейдін өздеріңіз білесіздер, мына жерден алыс жер. Ол жерге мен үш баламды қалай жарыламын тасуға?

Қатынастың қиындығынан бөлек, ата-аналардың басты сұрағы – қаржы мәселесі. Жекеменшік мектепте білім алу үшін әр ай сайын 30 мың теңге қаражат төлеу керек. Бірақ мемелекеттік тапсырыс бойынша бұл сома 10 мың теңгеге шегерілген. Яғни әрбір оқушы үшін жергілікті бюджеттен 20 мың теңге ай сайын аударылып отырады. Ал ата-ана баласының білім алғаны үшін ешқандай қаржы шығармайды.

Берік Оразов, жекеменшік мектеп директоры:

- Бізде қазіргі таңда барлық сыныптарымыз дайын. Заманауи жабдықталған. Барлық сыныптарда интерактивті тақталар. Яғни, мына мектепте бізде асхана, заманауи үлгідегі лабораториялар, барлық сыныптар, спорт залы, акт залы бар оның барлығын осы мемлекеттік тапсырыс бойынша келген балалар тегін қолданады.

Облыстық білім басқармасының жетекшісі Ләззәт Оразбаева түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз болғандығын айтады. Яғни қалалық әкімдік пен білім бөлімінің бұл бағытта атқарған ісінің шикілігін мойындады. Себебі мемлекеттік тапсырыс туралы келісімшартты жекеменшік мектеп өкілдері ағымдағы жылдың 30 тамыз күні ғана қолдарына алған.

Ләззат Оразбаева, облыстық білім басқармасының жетекшісі:

Ата-аналар өз түйсіктерімен түсіну керек. Өйткені бұл жерде балаға қолайсыздық туып тұр. Мысалы 64 мектепті алатын болсақ, бір сыныпта 32-33 бала отыр дейді. Ол бала үшін өте ауыр. Неге бала 24 бала болып отырмайды стандартқа сәйкес? Неге олар 33-34 болып отырады? Егер қасында мектеп болса? Соны біздің ата-аналарымыз түсінуі керек.

Шенеуніктер балаларды жекеменшік мектептке күштеп көшіруден аулақпыз дейді. Кез келген ата-ана бөбектері үшін оқу орнын таңдау еркіндігіне ие. Дегенмен, жаңа жобаны жарнамалау жұмыстары жүргізіле бермек. Бұл қаладағы оқу ордаларын үш кезеңдік білім беру үрдісінен арылтады. Сондай ақ жергілікті бюджеттен 800 оқушыға шамамен 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнаджин Молдабеков, Гүлмира Досмұратова, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы