Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

  • 172
Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

Кеше түнде Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында қайғылы жағдай болды.

Көпқабатты үйдегі жүк көтеретін лифтінің шақтасына екі жасөспірім абайсызда құлап кеткен. Өкінішке қарай 16 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы лифт шақтасынан төменге құлдыраған баланың бірі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, екінші жасөспірім сол мезетте жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген болатын. Бірақ жансақтау бөліміне түскен бұл баланың да жағдайы өте ауыр болғандықтан, дәрігерлер оның өмірін ажалдан арашалап қала алмады. Қазір бұл қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, сараптама жасалып жатыр. Жалпы Атырау қаласы бойынша 266 лифт бар екен, ал оның 32-сі мүлде жұмыс істемейді.

Талғар Хабибуллин, қалалық ТЖБ басшысы:

– Енді жабық тұрған лифтіге балалардың қалай құлап кеткені жөнінде қазіргі кезде құзырлы органдармен тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Анықталатын болады. Қала бойынша жалпы қала әкімінің өкімімен жұмыс комиссиясы құрылған қазіргі уақытта сол қала бойынша барлық лифтілердің жағдайларын анықтап, бәрін шығаратын болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде