369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жүргізуші полицейге пышақ алып жүгірген

  • 110

Ақтөбеде жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі полициядан қаша жөнелген.

Ол соңына түскен тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, тіпті қару қолданбақ болды. Құқық бұзған жүргізушіні тоқтату үшін жол-патрульдік полициясы қызметкерлері ескерту ретінде аспанға 2 рет оқ атқан. Қаланың орталық көшесінде бүлік салған жүргізуші ұсталып, «Сазды» полиция бөліміне жеткізілді. Медициналық сараптама нәтижесінде 44 жастағы күдіктінің есірткі қолданғаны анықталды. Сондай-ақ ол бұрын сотталған болып шықты. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы