352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада донер дүңгіршегі жанып кетті

  • 112
Астанада донер дүңгіршегі жанып кетті КЧС МВД РК

Астанадағы Күйші Дина көшесінде, 31 мекенжайда донер дүңгіршегіне жабдықталған жеке контейнер өртке оранды.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 12.46-да басталып, 12.56-да ауыздықталды және 13.02-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға болған жерге 12 қызметкер мен 3 мамандандырылған өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы