Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан кейін тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілгендердің ішінен 51 жастағы ер адам келесі күні қайтыс болды.
«Екі адам амбулаторлық ем алуда. Үш адам Чапаев ауылындағы аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Ота жасалған екі адам жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр. Жабық бас жарақатын алған тағы біреуі емделуде», - деп хабарлады ведомстводан.