USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мәжіліс отырысында халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынас талқыланды

  • 112
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мәжіліс отырысында халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынас талқыланды

Еліміздің өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қаржы саласындағы қарым-қатынасы қандай? Қару сатуға қатысты халықаралық реттеу қалай жүргізіледі? Мәжілістің пленарлық отырысында осы мәселелер талқыланып жатыр. Кеңес соңында нақты қандай шешім қабылданды?

Аслан Қаженов, тілші:

Мәжіліс қабырғасында Қазақстанның Инфрақұрылымдық инвестиция бойынша Азия банкке мүшелігі әңгіме болды. Қазақстан осы банкке мүше болғандықтан, Халықаралық валюта қорынан бастап, алуан түрлі қаржылық ұйымдармен қарым-қатынасты заң тұрғысынан реттеуі керек.

Экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Азия банкі еліміздің инфрақұрылымына қажетті үлкен мөлшердегі несие алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл үшін Қазақстан бес жыл ішінде оған 145 млн доллар жарналық ақы төлеуге міндетті. Осыған байланысты депутаттар тарапынан бұл бастаманың тиімділігі мен қажеттілігі туралы сауалдар туындады. Бірақ құжат бір ауыздан мақұлданды. Қару саудасы шартын ратификациялау сөз болды. Бұл құжат қару-жарақ саудасын реттеуде ортақ стандарт енгізіп, заңсыз қару айналымын жоюға мүмкіндік береді. Қазір еліміздегі әскери өнеркәсіптің 50 пайызы экспортқа жұмыс істеп жатыр. 7 елге қазақстандық қару-жарақ пен әскери техника жеткізіледі. Мұның барлығы халықаралық келісімге сәйкес келеді. Ең бастысы қаралған құжат елдің экспорттық әлеуетіне әсер етпейді екен.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top