356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев өнімді жұмыспен қамту және білім беру саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 159
Б.Сағынтаев өнімді жұмыспен қамту және білім беру саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында өнімді жұмыспен қамту және білім беру саласын дамыту бағыттары бойынша іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізудің 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындылары талқыланды.

Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев еңбек ресурстарын жоспарлау және болжау, жаңа экономика қажеттілігін ескере отырып, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, сондай-ақ білім беру қызметтерін ырықтандыру және инвестициялар тарту, шетелдік студенттерді тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы