USD 342,73

EUR 403,00

РУБ 5.50

V Азия ойындары: Қазақстан құрамасы төртінші орында

  • 307
V Азия ойындары: Қазақстан құрамасы төртінші орында vesti.kz

Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі V Азия ойындарының бесінші күнінен кейін үздік үштікте тұрған Қазақстан құрамасы төртінші орынға түсіп қалды.

Байрақты бәсекенің бесінші күнінде ел қоржыны 8 медальмен толықты – бір алтын, 2 күміс және 5 қола. Алтынды Айдос Құлманбетов белбеу күрестен жеңіп алса, күміс медальды белбеу күрестен Перизат Жақыпбекова және бильярдтан Ернар Чимбаев иеленді.

Ал қола жүлдегерлер: Бекбол Нұрланұлы (белбеу күрес), Ерсұлтан Мұзаппаров (белбеу күрес), Намик Нефталиев (муай-тай), Ерқанат Оспан (муай-тай) және Алмаз Сәрсенбеков (муай-тай).

Бес күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 30 (7-8-15) медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орында тұр.

Үздік үштік:

1 Түрікменстан – 127 (53-37-37);

2 Иран – 39 (10-6-23);

3 Өзбекстан – 57 (7-16-34).

Хабар 24 әлеуметтік желілерде