USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасына спорттың 9 түрінен қатысады

Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасына спорттың 9 түрінен қатысады Фото: vesti.kz

Қазақстан құрамасы алдағы Қысқы Олимпиадаға спорттың 9 түрі бойынша қатысады.

Қазір отандық спортшылардың еншісінде кешенді сынның 13 жолдамасы бар. Оның үшеуі мәнерлеп сырғанауға тиесілі болса, қалғанын биатлоншы қыз-жігіттер ұтып алды. Қазіргі уақытта ұлттық құрама тиісті нұсқауларды алып, қызу дайындыққа кірісті. Бұл жөнінде бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Сала басшысының айтуынша, биыл Алматыда өткен Дүниежүзілік Қысқы Универсиада отандық спортшылардың деңгейін көтеруге айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар шеттен тартылған бапкерлердің жұмысы да өз нәтижесін бере бастады. Сондықтан 2018 жылдың ақпанында сынға түсетін жерлестерімізден зор үміт күтіледі.

Айта кетейік, Пхенчхан ойындарының басталуына 86 күн қалды. Онда спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: 

– Өздеріңізге белгілі, 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары – әлемдік спорттың ең биік шыңы. Сондықтан министрлік спортшылардың лицензиялық жарыстарда сапалы өнер көрсетуін және жақсы функционалдық жай-күйі болуын қамтамасыз етуді басты назарға алды. Қазір спортшылар мен бапкерлер негізгі дайындықтарын пысықтап жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде