USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

«Қайрат» «Барселонаның» бұрынғы ойыншысын қатарларына қосты

  • 140
«Қайрат» «Барселонаның» бұрынғы ойыншысын қатарларына қосты ©:barca.ru

Алматылық «Қайрат» қатарын израильдік шабуылшы Гай Ассулин толықтырды.

Бұл туралы клубтың бақылау комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев Іnstagram парақшасында хабарлады.

Шабуылшымен келісмшарт 2 жылға жасалыпты. Басқа бұл трансфер туралы ешқандай мәлімет жоқ.

26 жастағы шабуылшы карьерасын хайфалық «Хапоэль» клубы сапында бастаған. 1999 жылы «Барселонаның» жастар академиясына түскен. 12 жасынан сонда жаттыққан. 2007-2010 жылдар аралығында ол «Барселона Б» клубында өнер көрсеткен. 2010-2012 жылдар аралығында «Манчестиер Сити» клубында болған. Бірақ бұл екі команданың негізгі құрамында бірде-бір кездесу өткізбеген. Содан соң Ассулин испаниялық «Расинг» (Сантандер), «Гранада», «Эркулес» және «Мальорка» клубтарында ойнаған. Ал 2016 жылы «Хапоэль» (Тель-Авив) командасына ауысып, қазіргі уақытқа дейін сонда өнер көрсетті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде