359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық журналист Головкиннің неліктен жеңіліс табатынын айтты

  • 2092
Америкалық журналист Головкиннің неліктен жеңіліс табатынын айтты Vesti.kz

NYFights спорт сайтының журналисі Джон Гатлинг Vesti.kz тілшісімен сұхбаты кезінде Головкин мен «Канелоның» қарымта жекпе-жегінде кімнің жеңетіні туралы ойын айтты.

Боксшылардың қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

«Бұл тартысты жекпе-жек болады деген ойдамын. Аделаида Берд пен ол сияқты төрешілер құрысын. Бұл қарымтада оның керегі жоқ. Бұл жекпе-жек белгіленген уақыттың жартысына жетпей аяқталады. Күші мен қысымға сеніп келген боксшылар ақыры ойсырай жеңіледі. Геннадийді де осы қатарға жатқызуға болар. Жастық өзінікін алады. Головкин қызуын жоғалтып алды, қазір бұған ешкім сенбесе де, «Канело» оны тоқтатады деген ойдамын», – дейді Гатлинг.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы