359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобыл» Грузияда «Самтредианы» жеңді

  • 160
«Тобыл» Грузияда «Самтредианы» жеңді

Қостанайдың «Тобылы» Еуропа лигасының іріктеу ойындарын осы елде бастап, жергілікті «Самтредиамен» күш сынасты.

Тблисидегі Михаил Месхи атындағы стадионға келген жұрттың қарасы мәз емес. Өйткені олар да кешегі мерген Месхидің бүгінгі шәкірттері футболды өндіріп ойнай алмайтынын білсе керек. «Тобылдың» сапында да грузин ойыншылары бар. Футболға қайта солар епті секілді. Рас, Ника Квеквескири мен Джаба Канкава бәлендей ештеңе тындырған жоқ. Қайта өзіміздің жас таланттар қайрат көрсетті. Мысалы, қостанайлықтарға жеңіс әкелген жалғыз голды матчтың тоқсан бесінші минутында 22 жастағы Максим Федин соқты. Енді қарымта кездесу 19 шілде күні Қостанайда өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы