352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тур де Франс»: «Астананың» жетістігі қандай?

  • 107

Екі кезеңдегі жеңіс және 2 шабандоз үздік жиырмалықтың қатарында.

Биылғы «Тур де Франс» «Астана» командасы үшін осылай аяталды. Қазақстандық клуб 21 кезеңнен тұратын байрақты бәсекені абыроймен өтіп шықты. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Ал қазақстандық клуб сапындағы Омар Фрайле мен Магнус Корт, сәйкесінше, 14-ші және 15-кезеңдерде топ жарды. Тіпті, алғашқысы өз жеңісін Денис Тенге арнайтынын мәлімдеген болатын. Ал жалпы есепте Танел Кангерт пен Якоб Фульсанг тәуір көрсеткішке ие. Олар 16-шы және 12-орындарға жайғасты.

Якоб Фульсанг, «Астана» командасының мүшесі:

- Үш апта бойы қолдан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ жүлдегерлер қатарынан табылу мүмкін болмады. Қарысыластар мықты. Өзіміздің де қателіктер бар. Сондықтан қазіргі көрсеткіш жаман емес деп ойлаймын. Енді сәл тынығамыз. Сол кезде бәрін ой елегінен өткізіп, қателіктермен жұмыс істеуге уақыт болады.

Ал биылғы «Тур де Франстың» бас жүлдесі британиялық Герант Томасқа бұйырды. «Скай» командасының шабандозы топ басына 11-кезеңде шығып, жарыс соңына дейін өз орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, жылдың басты велобәсекесіне 170-тен аса қатысушы жиналған болатын. Оның тек 145-і жарыс соңына дейін сынға түсті. Яғни олар 21 күннің ішінде Франция мен Испанияны басып өтетін 3351 шақырымды бағындырды. Ал енді барлық команда сәл тынығып, тамыз айының соңындағы «Вуэльта Испания» жарысына дайындықты бастайды.

Александр Винокуров, «Астана» командасының бас менеджері:

- «Тур де Франс» аяқталды. Енді бізге көп нәрсені саралау керек. Келесі турға қалай дайындалатынымызды қазірден бастап ойлана бастаймыз. Ал дәл қазір осы жолғы жеңісімізді тойлатсақ дейміз. Командалық еңбектің нәтижесінде жеңіске жеткен Омар Фрайле мен Магнус Корттың жетістіктеріне қуанымыз. Осыдан соң келесі бағытымыз «Вуэльта Испания» болмақ.

Хабар 24 телеарнасы