352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар Таллинде өткен IRONMAN жарысында үздік нәтиже көрсетті

  • 150
Қазақстандықтар Таллинде өткен IRONMAN жарысында үздік нәтиже көрсетті Vesti.kz

Қазақстандық триатлоншылар Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко Эстония астанасы Таллинде өткен IRONMAN жарысында толық дистанцияны бағындырды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Таллинде өткен жарыста супертриатлонның «темір» дистанциясының талаптары мынадай: 3,8 шақырым жүзу, 180 шақырым велосипедпен және 42 шақырым 195 метрді жүгіріп өту. 

Жарысқа әлемнің 50 елінен 1500-нан аса спортшы қатысты. Қазақстанның атынан екі триатлет шықты - Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко. Екеуі де Age Group санатында. 

Екі спортшы да толық дистанцияны бағындырды. Сидоренко 10:24:48 секундта келіп, жалпы есепте ерлер арасында 35-39 жас аралығында 185 атлеттің арасында 56-орынды иеленді. 

Өз кезегінде Қазыбаева толық дистанцияны 11:03:36 секундта бағындырып, әйелдер арасында 30-34 жас аралығында 11-орынды иеленді. 

Хабар 24 телеарнасы