352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» – шағын футбол турнирінің жеңімпазы

  • 93

Астанада шағын футболдан әуесқойлар арасында турнир өтті.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйытқы болған дәстүрлі жарысқа осы ведомствоға қарасты 16 ұжым қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік мекемелер арасындағы аладоп бәсекесінде «Хабар» агенттігінің де қызметкерлері бақ сынады. Бүгін іріктеуден іркілмей өткен үздіктер бас жүлдені сарапқа салды. Финалда «Хабар» агенттігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мекемесінің командасы кездесті. Тартысқа толы ойында «Хабардың» жігіттері 4:0 есебімен басым түсті. Әріптесіміз Айбек Қабылша «Үздік қақпашы» атанды. Жеңімпаздарға естелік кубок пен диплом табыс етілді.   

Хабар 24 телеарнасы