Хабар 24
LIVELIVE

Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

  • 479
  • Media
Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі жиын мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті. Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың кездесуінде осы келелі кеңестерге әзірлік барысы пысықталды.

Елбасы аталған алқалы жиындарды ұйымдастыру жұмысына баса көңіл бөлу керектігін атап өтті. Өз кезегінде сыртқы ведомство жетекшісі алдағы уақытта атқарылатын мақсат-міндеттерді баяндады. Сондай-ақ президент таяуда үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар Сыртқы істер министрлігіне тікелей қатысы бар екенін алға тартты.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүгін Президент шетелден инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді. Биыл біздің елімізде және алыс-жақын мемлекеттерде бірқатар халықаралық шаралар өтеді. Мемлекет басшысы соларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты министрлікке межелі міндеттер жүктеді.

back to top